13:46
23 Октябрь 2017
Курсы валют
Курс доллара: 335.24
Курс евро: 395.82
Курс рубля: 5.82
Курс юань: 50.65

Халық қалаулыларының жастарға қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесуі

Халық қалаулыларының жастарға қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесуі

Халық қалаулыларының өңірлердегі іс-сапары аясында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Мамраев Бейбіт Баймағамбеұлы, Смағұл Бахытбек жастарға қызмет көрсету орталығының ұжымымен, «Отан» бастауыш партия ұйым мүшелерімен кездеседі.

Кездесуде облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Сарыбаев, қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихат депутаты А.Ахметова, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы А.Нұрмұхамбетов, «Отан» БПҰ төрағасы, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Б.Жақсыгельдинов, бастауыш партия ұйым мүшелері және БАҚ өкілдері қатысады.

Кездесу барысында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары қатысушыларға Елбасы Н.Назарбаевтың Үндеуімен жария еткен Жолдауындағы негізгі бағыттары мен міндеттері, «Нұрлы жер» бағдарламасы, республика көлемінде жүзеге асып жатқан мем.бағдарламаларды халық қалаулыларының Парламент Мәжілісіндегі өздерінің заң шығару қызметі, сонымен бірге Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айқындаған тапсырмаларды орындау жолы туралы баяндап, сұрақтарға жауап береді.

Шарада облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы А.Нұрмұхамбетов, қалалық мәслихат депутаты, «Ақпарат» БПҰ төрайымы О.Яхимович, облыстық жастар ресурстық орталық директорының орынбасары Р.Қанапьянов, орталық психологы А.Садуова сөз алып, қонақтарға алғыстарын білдіріп, өз пікір-ойларын жеткізді.

 

Дереккөз: 7sunews.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *