00:07
19 Август 2017
Курсы валют
Курс доллара: 332.8
Курс евро: 390.57
Курс рубля: 5.6
Курс юань: 49.88

Талдықорғанда пəтер алғандар үйлерінен қуылып жатыр

Талдықорғанда пəтер алғандар үйлерінен қуылып жатыр

Талдықорғандық Аида Əбишпаева жуық арада үйін босатуы тиіс.

Жазда жаңадан баспанаға ие болған тұрғынға сот осындай шешім шығарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Əбишпаеваның сөзінше,  көпқабатты үйді тұрғызған «Астана» құрылыс компаниясының өкілдері сотқа беріп, үйді босатуын талап еткен. Аиданың айтуынша, олар үш бөлмелі пəтерді алу үшін 15 млн теңгені Дина Искаковаға берген. Қолдарында компанияға төленген қаржының түбіртегі  бар екен. Бірақ, сот оны ескермей үйді босату жөнінде  əділетсіз шешім шығарды, дейді талдықорғандық тұрғын. Жəне Аида бірнеше отбасы осындай жағдайға тап болғанын айтады. Кейбірі үйді өз еріктерімен босатып беріпті. Ал, тығырыққа тірелген жанұя  баспананы оңайшылықпен бермейміз дейді.

Қазір отбасы мүшелері ақша беріп, олардың үй алуына араласқан адам істі болып жатыр.  Бүгін жалғасуы тиіс сот отырысы кейінге шегерілді. Себебі, айыпталушының бірі Дина Искакованың денсаулығы сыр берген. Оңай жолмен,  мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлерді алуға ниет танытқандар көп. Қазір ақшадан да, пəтерден де айырылдық дегендер сот табалдырығын тоздыруда. 47 адам шағымданған факті бойынша 5 адам айыпталуда.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *