11:37
16 Январь 2018
Курсы валют
Курс доллара: 329.41
Курс евро: 403.92
Курс рубля: 5.84
Курс юань: 51.23

Жасанды интеллект өздігінен «білімін жетілдіре» алады

Жасанды интеллект өздігінен «білімін жетілдіре» алады

Жасанды интеллект уақыт өткен сайын әртүрлі деректерді жылдам үйренуден таң қалдырып келеді.

Егер бұрын «білім деңгейін» сол жүйеге арнайы ақпарат көздерін енгізу арқалы жоғарылатып отыратын болса, қазіргі кезде Кембридж университетінің Microsoft Research мамандарының арқасында жасанды интеллектінің тың нәрселерді «үйренуі»  жеңілдей түсті. DeepCoder аталатын жасанды интеллект жүйесі өздігінен дайын кодтарды өзге аппараттардан алу арқылы, өте күрделі (әзірге) программаларды жаза алады. Бұл туралы hi-news хабарлайды.

DeepCoder жасанды интеллект жүйесінің негізі программалық синтез болып табылады.  Аталмыш  DeepCoder ЖИ жүйесін адам деп алып, қарапайым тілмен түсіндірер болсақ,  білетіні өз жадында тұрады да, білмейтінін өзгелерден алады. Оның ерекшелігі де сонда. Өздігінен белгілі бір кодтарды тере алады және өзінде жоқ ақпараттарды өзіне жүктей алады. Оның өзін кез келген ақпаратты емес,  өндірушілердің айтуынша, өзіне керекті ақпаратты ажырата алатын ақылды жүйе. Сонымен қатар, жасанды интеллект адамның ойына келмейтін нәрселерді де ойлауы мүмкін деген болжамдар айтылуда.

DeepCoder-дің маңызды бөлігі ретінде іздеу машинасын айтуға болады. Оның негізгі қызметті ақпараттарды іздейді және жалпы қолжетімді ақпараттарды анализ жасап, іріктеп бере алады. Айта кету керек, осында тәсілді  үнемі жаңа жүйелермен жұмыс жасайтын, кейбір программист мамандар да қолданады.

«The Qazaq Times»

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *