00:10
19 Август 2017
Курсы валют
Курс доллара: 332.8
Курс евро: 390.57
Курс рубля: 5.6
Курс юань: 49.88

Қазақстан Халық банкі 2016 жылды қалай қорытындылады?

Қазақстан Халық банкі 2016 жылды қалай қорытындылады?

Алматы қаласында «Қазақстан Халық Банкі» АҚның 2016 жылғы жұмысы  бойынша БАҚ өкілдерінеарналған     қорытынды  есеп беру конференциясы өтті.  Конференцияға «Қазақстан Халық банкі» АҚбасқарма төрайымы — Үміт Шаяхметова, «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрағасыныңорынбасарлары — Марат ӘлменовМұрат КошеновЕртай Салимов қатысып, банктің өткен жылдағыатқарған жұмыстары мен қызмет көрсету саласына енгізілген инновациялық жаңалықтарыменбөлісті. Банк  басшылығы мәлімдемесіне сәйкес, назарларыңызға  «Қазақстан Халық Банкі» АҚның жылдық  қорытынды есебін ұсынамыз

«Қазақстан Халық Банкі» АҚның (бұдан әрі – «банк») таза табысы 2015ж. 12 айымен салыстырғанда 9.2%-ға131.4 млрд теңгеге дейін өсті.

Құнсыздану резервтеріне аударуға дейінгі таза пайыздық табыс 2015ж. 12 айымен  салыстырғанда 22.4%-ға184.0 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл пайыздық активтердің орташа қалдықтарының 38.3%-ға ұлғаюы және оларбойынша орташа пайыздық мөлшерлемелердің жылдығы 10.5%-дан жылдығы 10.6%-ға дейін өсуі есебінен,негізінде Банк 2016ж. соңғы үш тоқсаны ішінде сатып алатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкініңноталары есебінен өсті.

Таза пайыздық маржа 2015ж. 12 айындағы жылдығы 6.2%-бен салыстырғанда 2016ж. 12 айындағы жылдығы5.5%-ға дейін төмендеді. 2016ж. 4 тоқсаны бойынша таза пайыздық маржа 5.3% құрады, 2015ж. 4 тоқсанымен салыстырғанда бұрынғы деңгейде қалды.

  • Орташа меншікті капиталға қайтарым (RоAE) 2015 ж. 12 айы бойынша жылдығы 24.4%-дан жылдығы 22.3%-ға дейін төмендеді;

  • Орташа активтерге қайтарым (RоAA) 2015 ж. 12 айы бойынша жылдығы 3.7%-дан 2.8%-ға дейін төмендеді.

Кредиттік мекемелердің қаражаты 2015 жылғы 31 желтоқсанға қарағанда 3.6%-ға төмендеді, көбінесе бұл 2016 жылдың ішінде ақша нарығында (қазынашылық вексельдермен РЕПО мәмілелері) Қазақстан Қор биржасы арқылы банктің және оның еншілес ұйымдарының біреуінің қарыз алу көлемінің төмендеуінен болды.  2016 жылғы 31 желтоқсанда Банктің кредиттік мекемелер алдындағы міндеттемелерінің жартысынан көбі көбінесе 2014 және 2015 жылдары «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-нан, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-нан және «Қазақстанның даму банкі» АҚ-нан экономиканың бөлек секторларын қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде алынған қарыздардан құралды.

Шығарылған борыштық бағалы қағаздар 2015 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда көбінесе 2016 жылы 25 сәуірде айналым мерзімі 10 жыл және купон мөлшерлемесі 15% болатын, инфляция мөлшерлемесін шегеріп, жергілікті тәртіптендірілген облигацияларды 4 млрд. теңге сомасына жоспарлы өтеу есебінен және 2016 жылғы 9 қарашада Банк 2018 жылдың қарашасында бастапқы өтеу мерзімімен және жылдығы 13% купон мөлшерлемесімен, жергілікті тәртіптендірілген облигациялардың тағы бір шығарылымын 5 млрд. теңге сомасына ерікті мерзімінен бұрын өтеу есебінен 2.1%-ға төмендеді.

31.12.2016ж. жағдай бойынша банктің борыштық бағалы қағаздарына:

  • әрбір шығарылым бойынша купон мөлшерлемесінің жылдығы 7.25% болғанда, 2017ж. мамырында және 2021ж. қаңтарында біржолғы өтеумен 638 млн АҚШ доллары және 500 млн АҚШ доллары сомасына өтелмеген еврооблигациялардың екі шығарылымы;

  • банк 2015 жылы «Бірыңғай Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-да купонның жылдығы 7.5% мөлшерлемесі бойынша орналастырған және 2025ж. ақпанында өтелуге жататын  131.7 млрд теңге сомасына жергілікті облигациялар;

  • банк 2014 жылы «Бірыңғай Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-да купонның жылдығы 7.5% мөлшерлемесі бойынша орналастырған және 2024ж. қарашасында өтелуге жататын  100 млрд теңге сомасына жергілікті облигациялар кіреді.

2015 жылдың 31 желтоқсанымен салыстырғанда «Қазақстан Халық Банкі» АҚ меншікті капиталы 2016 ж. 12  айда тапқан таза табыс есебінен 25.6%-ға ұлғайып,  666 млрд теңгені құрады.

Халықаралық рейтингілік агенттіктерінен «Қазақстан Халық Банкі» АҚрейтингтері:

Moody’s Investors Service

Шетел валютасындағы ұзақ мерзімді депозиттер

Ba2

Шетел валютасындағы қысқа мерзімді депозиттер

Not prime

Рейтинг болжамы

Жағымды

Standard and Poor`s

Ұзақ мерзімді контрагенттік рейтинг

BB

Қысқа мерзімді контрагенттік рейтинг

B

Рейтинг болжамы

Жағымды

Fitch Ratings

Эмитент дефолтының шетел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтингі

BB

Шетел валютасындағы қысқа мерзімді рейтинг

B

Тұрақтылық рейтингі

bb

Қолдау рейтингі

4

Ұзақ мерзімді рейтингке болжам

RWN (Rating Watch Negative)

The Qazaq Times”

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *