20:22
22 Август 2017
Курсы валют
Курс доллара: 333.08
Курс евро: 391.5
Курс рубля: 5.64
Курс юань: 50

Алматы облысында Наурызға тарту ретінде онкүндік жарияланды

Алматы облысында Наурызға тарту ретінде онкүндік жарияланды

Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифингте Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай мәлімдеді.

12-22 наурыз аралығында облыс бойынша «Бірлік», «Тағзым», «Ұрпақтар сабақтастығы», «Өнеге», «Салауат», «Ұлыстың ұлы күні» және «Қайырымдылық» деген 7 бөлімге топтастырылып, онкүндік жарияланды.

Наурыз мейрамы бүгінде егемен елімізді мекен еткен 130 ұлт өкілдерінің ортақ мерекесіне айналды. Ата-бабамыздың озық дәстүрін жалғастыру мақсатында бұл күндері ағаш отырғызу акциялары, қайырымдылық шаралары өткізіледі. Облысқа қарасты барлық аудан, қалалардағы әкімдіктер тұрғындарға мерекелік бағдарламалар әзірлейді.

Нақтырақ айтар болсақ, кеше, яғни 14 наурызда онкүндіктің беташары Талғар ауданында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы жетекші журналистер мен сарапшылар клубының «Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі Мемлекеттік стратегиялық бағдарламаны жүзеге асырудағы БАҚ-тың рөлі» тақырыбындағы көшпелі жиынмен ашылды. Одан кейін Панфилов ауданында Қазақстанның ұлттық ХШ жастар дельфийлік ойындарының ашылуы ұйымдастырылып, Райымбек ауданында М.Мақатаев атындағы республикалық жас ақындар мүшәйрасы өтеді.

-​ 21 наурызда Еңбекшіқазақ ауданында көлемді екі шара, яғни жыр алыбы Жамбыл Жабаевқа арналған ескерткіштің және Есік қаласында жастарға арналған саябақтың ашылуы жоспарланған. Тағы бір үлкен шараларың бірі — кәріс халқының Қазақстанды мекен еткеніне 80 жыл болған құрметіне орай 22 наурызда Кореядан делегаттар келеді. Осы күні облыс орталығы — Талдықорған қаласында қаз-қатар 30 киіз үй тігіліп, наурызкөже таратылады. Осы орайда айта кетейік, өткен 1 наурыз – Алғыс айту күні облыс бойынша 600-дей адамға 9 млн. теңгеден астам қаржыға бағаланған қайырымдылық шарасы көрсетілді. Осы онкүндік шеңберінде де талай ағайынға нақты көмектер ұйымдастыралады деп отырмыз, — деді Ғ.Тұрсынбай.

Дереккөз: 7sunews.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *