00:04
19 Август 2017
Курсы валют
Курс доллара: 332.8
Курс евро: 390.57
Курс рубля: 5.6
Курс юань: 49.88

Алматы облысы, Алакөл ауданындағы іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды (фото)

Алматы облысы, Алакөл ауданындағы іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды (фото)

2017 жылы 2 сәуір күні Алматы облысы, Алакөл ауданы, Әшім ауылында 2009 жылы туған Сейтжан Әбілқайыр атты бала жоғалды кетті, ол мал іздеу мақсатында үйден шығып кетіп, қайта келмеген.

Бала жоғалғандығы туралы хабар Алакөл ауданының ТЖБ-не 2 сәуір күні, 21 сағат 33 минутта келіп түскен. Баланы іздестіру жұмыстарына дер кезінде құтқарушылар, өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері, әскери қызметкерлер және ауыл тұрғындары жұмылдырылған.

Іздестіру жұмыстары нәтижесінде 5 сәуір 10 сағат 15 минут шамасында Алакөл ауданының Жыланды ауылының «Мирас» шаруа қожалығының аумағында жоғалған жеті жасар бала табылды, баланың денсаулығына ешқандай зақым келмеген, бірқалыпты.

Іздестіру жұмысына Алматы облысының ТЖД 15 адам және 4 бірлік техника, Алакөл ауданының ІІБ-нен 25 адам және 5 бірлік техника, 2484 әскери бөлімнен 24 адам және 1 бірлік техника, ауыл тұрғындарынан 150 еріктілер және 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Дереккөз: 7sunews.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *