14:44
26 Июнь 2017
Курсы валют
Курс доллара: 326.88
Курс евро: 364.9
Курс рубля: 5.47
Курс юань: 47.85

Білім беру жүйесі нарық талабына сай мамандар дайындауы қажет

Білім беру жүйесі нарық талабына сай мамандар дайындауы қажет

Бұл туралы Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Алмагүл Оңғарбаева өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Сарапшының айтуынша, бүгінгі таңда білім жүйесі қазіргі заман талабына сай, соның ішінде бизнестің мүмкіндіктері мен критерийлерін есепке ала отырып мамандар дайындауы керек.

Сондықтан, бизнес пен білім арасындағы диалогты қалыптастыру мақсатында 12 сәуірде Талдықорғанда «Білім. Бизнес. Кәсіп» атты халықаралық форумы өтеді. Форум дуальді оқытуды енгізудің мәселелеріне арналмақ. Дуальді оқыту дегеніміз — оқудың теориялық жағы білім беру ұйымында, ал тәжірибе жұмыс орнында өтеді. Кәсіпорындар білім ұйымдарына маман дайындау бойынша тапсырыс беріп, оқу бағдарламасын әзірлеуге қатысады. Студенттер кәсіпорында білім процесінен ажырамай тәжірибеден өтеді.

Форум аясында кәсіптік білім беру мекемелерінің базасында дуальді оқытуды енгізудің мәселелері және болашақтағы даму жолдарына арналған 7 панельдік сессия ұйымдастырылатын болады. Талқылауларда сән және шаштараз өнері, тамақтандыру, тігін, дәнекерлеу және газбен қамтамасыз ету құралдарын пайдалану, ауылшаруашылығын механизациялау, құрылыс саласы, ветеринария, сүт өндірісі, жиһаз, туризм салаларының мәселелері көтеріледі. Сессиялар аяқталған соң, резолюциялар қабылданады.

Пленарлық сессия мамандарды кәсіби дайындаудың жаңа моделін қалыптастыру, индустриаландыру жобаларына кадрмен қамтамасыз ету, туризм саласындағы кадрларды дайындау жүйесін жаңарту мен әлеуметтік әріптестікті дамыту жолдарына арналады.

Айтулы форумға халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамының (GIZ) өкілдері, ҚХР делегациясы, «Атамекен» ҰКП, ҚР Білім және ғылым министрлігінің сарапшылары, қауымдастықтар өкілдері пен кәсіпкерлер қатысады.

Дереккөз: 7sunews.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *