01:10
27 Июнь 2017
Курсы валют
Курс доллара: 325
Курс евро: 362.8
Курс рубля: 5.5
Курс юань: 47.57

Талдықорған қаласында «TeploStandart» брендімен жылу қазандықтары шығарылады

Талдықорған қаласында «TeploStandart» брендімен жылу қазандықтары шығарылады

«TeploStandart» компаниясының тарихы 2002 жылы Талдықорған қаласынан бастау алады. Компанияның негізін қалаушы – қаланың байырғы тұрғыны Дмитрий Страхов.

Бастапқыда сумен жылу жүйелері жабдықтарын сатумен, және оларды орнату қызметімен айналысады. Жылу жүйелерін монтаждау кезінде облыс бойынша сапалы қазандық болмауына байланысты көп қиындық туындаған. Сол себепті ол қазандық шығаратын цех ашты. Бастапқы кезде цех гаражында орналасты.

Компания басшылығы шығарылған өнімдерін дамытуға ұмтылып және жетілдіріп отырды. Әрбір жаңа моделі жаңғыртылған. Қазірдің өзінде әртүрлі қуатты ұзақ жанатын, жоғарғы және сапалы жылытуы бар қазандықтар шығара бастады.

«Қазақстан нарығында қазандық сату бойынша ресейлік, еуропалық өнімдер басымырақ. Шетелдік өнімдердің жоғарғы сапалығына қарамастан, отандық өнімдер де шетелдік қазандықтарына бәсекеге қабілетті тең деңгейде. Бұл ретте біздің қазандар сапалық жағынан еш кем емес, бағасы төмен. Мемлекеттік қолдау аясында біз өз бизнесімізге ғимарат сатып алдық. Енді бұдан былай жалға алуға шығынданып қажеті жоқ,»-дейді «TeploStandart» ЖШС басшысы Дмитрий Страхов.

2016 жылдың өзінде компания мыңдаған қазандық шығарып, жыл сайын халық арасында сұраныс артып келеді. Талдықорған қаласында қазіргі таңда газбен қамту жүргізіліп жатыр. Сондықтан компания қатты отынмен бірге газбен жанатын да қазандықтар шығарып жатыр.

«TeploStandart» компаниясы қайта өндіру саласында жүмыс істейтін шағын және орта бизнесте қолдау корсету аясында 84 айға 6%-бен 50,0 млн теңге қаражат алды.

Дереккөз: 7sunews.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *