09:54
23 Апрель 2018
Курсы валют
Курс доллара: 326.17
Курс евро: 401.25
Курс рубля: 5.31
Курс юань: 51.84

Ростех күн энергиясын түрлендіретін лазерлік жүйе жасап жатыр

Ростех күн энергиясын түрлендіретін лазерлік жүйе жасап жатыр

Мемлекеттік Ростех корпорациясы ғарышты зерттеуге бағытталған энергетикалық және лазерлі-оптикалық жобаның негізінде оттекті — иод лазерлерінің базасында лазерлік сәулелендірудегі күн энергиясын түрлендіруді қолға алды.

Бұл құрылғыларды жасаумен — «Швабе» холдингінің мамандары айналысып жатыр деп хабарлайды РИА агенттігі.

«Швабе» холдингінің атқарушы директорының орынбасары Сергей Попов: «Қазіргі таңда біз ғылыми-зерттеу жұмыстарын аяқтадық. біздің ғалымдар күн энергиясын сору арқылы оттекті-ионды лазерді шығаратын құрылғының тәжірибелік нұсқасы дайындалды. Ал құрылғының құрастырылу жұмыстарына байланысты техникалық жоспарлардың барлығы дерлік жүзеге асты деуге болады. Бұл лазерлік жүйелерді толықтай қызметке енгізудің соңғы сатысы 2020 жылға жоспарланып отыр» — деген болатын.

Оттекті — иод лазерлерінің базасында лазерлік сәулелендірудегі күн энергиясын түрлендіру жүзеге асатын болса, көмірсутек көздерін кең таралуы тенденциясын өзгертуге мүмкіндік туады.

«The Qazaq Times»

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *