19:33
20 Июнь 2018
Курсы валют
Курс доллара: 341.08
Курс евро: 394.46
Курс рубля: 5.37
Курс юань: 52.71

Талғат Мамашев: Биылғы Құрылтайға шетелдегі танымал қазақтарды жеке-жеке шақырмақпыз

Талғат Мамашев: Биылғы Құрылтайға шетелдегі танымал қазақтарды жеке-жеке шақырмақпыз

Биыл Астанада Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтеді. Осыған орай Дүниежүзі қазақтарықауымдастығының төрағасының бірінші орынбасары, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері ТалғатМамашевпен Құрылтайдың дайындық барысы және шетелдегі ағайындар төңірегінде әңгімелескен едік.  

Талғат Асылұлы, алдымен биыл өтетін Дүниежүзі Қазақтарының Құрылтайы туралы айтып өтсеңіз.Дайындық жұмыстары қалай жүріліп жатыр?

Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы биыл маусым айының 22-25 күндері, Астана қаласында өтеді депжоспарланып отыр. Негізі, белгілеме бойынша бес жылда бір өтетін құрылтайдың бесінші кезегі былтыр өтуі керекедіБірақ, биыл елімізде өтетін үлкен шарағаЭКСПО 2017 көрмесіне байланысты, шетелден келетін қазақтардыңда ЭКСПО көрмесін көрсек деген талабына сай, Президент әкімшілігімен келісіп, бір жыл кейінге шегердік. Алалдағы құрылтайға дайындық жұмыстарына келер болсақ, Президент әкімшілігіне қатысты жобаларды ұсынып,әкімшілік жақтан талаптілектері мен қолдаулары туралы сөйлесіп келіп отырмыз. 25 жылдан бері Қауымдастықкөлемінде өткен шаралардан және алдынғы төрт реткі құрылтайдан болсын, аздыкөпті тәжірибе жинадық. Соғансүйене отырып жаңа мазмұндар кірістіріп, құрылтайдың өресін тың деңгейге көтергелі отырмыз.

Дүниежүзі қазақ құрылтайына өкіл ретінде 35-36 елден, 350-ге жуық қандасымызды шақырмақпыз. Әрине,шетелдегі қазақ диаспораларының санына байланысты әр елден келетін делегаттар саны бірдей болмайды. Елдегіқазақ диаспорасының көптігіне байланысты Ресей, Қытай, Өзбекстандағы қандастарымыздан көбірек шақыруғатура келеді. Әсіресе, Қытайдан көбірек келеді, себебі, олардан ресми делегация қоса шақырылады. Екінші реткіқұрылтайдан бастап солай болып келеді.  Сонымен қатар, халықаралық ұйымдар және ұлты қазақ қана емес, көршібауырлас халықтардың ұлттық бірлестіктерінен де арнаулы өкілдер шақырылады.

Ал, Республикамыз көлемінде 14 облыс пен Астана, Алматы қалаларынан 5 адамнан делегация қатысады. Олардан тыс бүкіл қазаққа ортақ әдебиет пен өнер өкілдері міндетті түрде құрылтай қонағы болады. Себебі, Бибігүл апамыз, Асанәлі ағамыз, Қабдеш Жұмәділов сынды әлем қазақтарына танымал тұлғаларды құрылтайға қатысушылар, әсіресе, шетелден келген қандастарымыз көргісі келетіні белгілі. Қауымдастық саяси ұйым болмағаннан кейін, «Нұр-Отан» партиясынан басқа да, Республика көлемінде тіркелген әрқайсы партиялар мен ірі қоғамдық ұйымдардан да бір-бір өкіл қатыстырамыз. Ал енді, Ақпарат құралдары өз алдына. Министрлікпен жасасқан медиа-планымыз бойынша, құрылтайға дейін және құрылтай барысында, одан кейін де тығыз байланыс жасайтынымыз айтпаса да белгілі.

Қазір ұжымымыз үкіметтің Қаулысын күтіп отыр. Негізгі жұмыс әрине, біздің мойынымызда. Дегенмен, үкімет Қаулысы бекіп,  Ұйымдастыру комитеті құрылуы керек. Ұйымдастыру комитеті тікелей шешілмей жатқан мәселелерге тапсырмалар береді. Айталық, жол-қатынас органдарының қолдауына да осы комитет арқылы қол жеткізуге болады. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы И.Тасмағанбетов болады деп ойлағанбыз, ол кісінің қызметінің ауысуына байланысты премьер министрдің бірінші орынбасары Асқар Мәмин болады деп күтудеміз. Наурыз айының аяғына дейін біз күткен үкімет Қаулысы шығып, алғашқы отырыс болар деген үміттеміз.

Мен осы жолғы Астанаға барғанымда жалпы жобамен бірге шақыру билеттерінен тартып, сахна үлгісіне дейін өзіміздің бірнеше нұсқадағы жобамызды Президент әкімшілігі мен Министрліктің бекітуіне ұсынып келдім. Оның сыртында ұсақ-түйек жұмыстарына да дайындық жүріп жатыр. Дәстүрлі «Құрылтай қоржынын» дайындау және  құрылтай өкілдері пайдаланатын бұйымдарды әзірлеу үшін бес-алты фирманың ұсынған нұсқаларын тапсырып алдық. Бұлардың арасынан баға және басқа да шарттарға сай келетін бір фирмаға тапсырыс беретін боламыз. Бұларды айтпаған күннің өзінде, жалпы шараның техникалық дайындығы да біршама еңбек пен уақытты қажет етеді.

Құрылтай өтетін орын мен техникалық жұмыстарына, алдағы уақытта бірнеше адамды АстанағажібермекпізҚұрылтай өтетін орын мен құрылтайға қатысушылар орналасатын орындарға алдынала келісімдержасалады. Әзірге құрылтай өтетін орынды «Тәуелсіздік» сарайы деп белгілеп отырмыз. Бірақ, тағы бірнешеорынды да қарап көрмекпіз. Назарбаев Университетінің жаңа ғимаратының кемелді техникалық жабдықталуы ұнапотыр. Сол қатарлы тағы бірнеше орын бар. Бәрін де құрылтайға

қатысушылардың ыңғайына қарай таңдаужасаймыз.

Құрылтай дайындығымен бірге қауымдастық жағынан тағы қандай шаралар қолға алынып отыр?

Қазіргі уақытта қауымдастық құрылтай дайындығына кірісіп кетті. Өзге шараларға уақытылы орын беріледі,мысалы бізде қазір бірнеше ғылыми еңбектерді құрастыру ісі қолға алынған. Осыдан бұрынғы еңбектерімізден тыс, «Қазақ диаспорасы және атамекенге оралу (1991-2012» деп аталатын монографиялық еңбек шығардық. Бұл кітап2012 жылға дейінгі шетелдегі қазақ диаспораларымен жасалған жұмыстар, атамекенге оралғаннан кейінгі жасалғаншаруалардың бәрі қамтылған ғылыми, ұжымдық еңбек. Бұның орыс тіліндегі нұсқасын да шығардық.  Алдаағылшын тіліндегі нұсқасын шығаруға дайындалып отырмыз. Оған қоса «Туған тіл», «Алтын бесік» сындыбасылымдарымыздың арнаулы құрылтайға арналған сандарын дайындайымыз.

Сонымен бірге құрылтай аясында да, кейін де қауымдастық жағынан ұйымдастырылатын «Халифа Алтайдың 100жылдығын атап өту» мен Дүние жүзі қазақ қауымдастығының 25 жылдығын атап өтеміз. Бұлар енді құрылтайданкейінгі күнтәртіпте.

Бұл реткі құрылтайдың басқа құрылтайдан қандай ерекшеліктері болмақ?

Бұл жолғы құрылтайдың басты ерекшелігіАстанадағы ЭКСПО 2017 көрмесімен қатар өтетіні. Яғни, шетелденкелген қандастарымыз бен  құрылтай қонақтары ЭКСПО көрмесін тамашалауға мүмкіндігі бар. Тек ЭКСПОкөрмесі ғана емес, көрме аясында жасалып жатқан шаралар бардәстүрлі өнер көрмесі, ұлттық ойындар, мерекелікконцерттер, тағы басқа толып жатқан қимылдарға бірдей қатыса алады. Бұндай шаралар бізге қалыпты көрінсе де,шетелдегі қазақтардың Қазақстанға, қазақ ұлтына деген ынтасын арттыратыны даусыз. Әсіресе, этноауыл көрмесінкөруге мүмкіндігі бар. Дәстүрлі киіз үйлермен қазақ дәстүрлі өнерін, мәдениетін, тарихын зергерлер ауылы,өнерпаздар ауылы, ісмерлер ауылы т.б. ауылдар ЭКСПО және құрылтай қонақтарына насихаттайтын болады.

Алдағы құрылтайға жастарға басымдық бергелі отырмыз. Осыдан бұрынғы құрылтайларда қатысушылардың көбіжасы үлкен ел ағалары, ақсақалдар болып келді. Бұл рет шетелдегі және елдегі қазақ жастарын көбірекқатыстырамыз. Бұл да болса алдағы құрылтайдың басты ерекшеліктерінің бірі болады. Бүгінгі таңда әлемніңқырықтан астам елінде қазақ бар десек, соның 32 елінде Қазақ мәдениеті орталығы бар. Бұл орталықтардыңбасқарушыларын шақырамыз және олардан жастар қанаты, ізбасарлары болса құрылтайға әкелуін де талап етіпотырмыз.

Бұдан бұрынғы құрылтайларда да шетелдегі қазақ мәдениет орталықтары арқылы көптеген елдегі біз білмейтін,қазақ абройын көтерген азаматтарды шақырған едік. Айталық, Чехияда министр болған Жәмила Стехликова дегенқарындасымызды, Ресейдегі Чувашия экономика министрі болған Гүлмира Әкімова атты қарындасымызды тауыпқұрылтайға шақырған едік. Одан басқа Қытайдағы ШҰАР басшысы, облыс әкімі болған қазақ азаматтар да әр реткіқұрылтайға қатысқан. Міне, осындай қандастарымыздың тізімін жасап, жекежеке хабарласып шақырмақпыз.Қазіргі Өзбекстан президентінің кеңесшісі болып отырған қазақ бауырымыз бар, Ресейде «Герой» атағын алғанполковник бауырымыз бар, әне соларға хабарласып, келісімін берсе ресми шақыру хатын жібереміз.

Дәстүрлі құрылтай өкілдерін Президенттің қабылдауынан тыс, Министрліктердің секциясы болады. Білім, Ауылшаруашылығы, Мәдениет, Еңбек министрліктері мен Көшіқон полициясы қатарлы орындарды құрылтайделегаттарына кездестіреміз. Өкілдердің аталған орындарға сұрақтары, талаптілектерін айтуына мүмкіндік бар.Өкілдер ортаға салған ұсыныстар мен министрліктердің уәделері естелікке алынып, кейін сол ұсыныстардыңорындалуына қадағалаушы боламыз. Осының бәрі бұрынғы өткен құрылтайдағыдай «Ұлттың ұлы жиыны» дегенатпен кітап болып құрастырылады да, құрылтайдың жалпы барысымен бірге тарих болып сақталып қалады.

Биыл құрылтайдағы тағы бір өзгешелігі ретінде Халифа Алтайдың 100 жылдығын да қоса атап өткелі отырмыз.Қазір, Халифа Алтайдың өмірі мен еңбектері туралы кітап құрастырылу үстінде. Келесі айдың бас шенінде Ғылымакадемиясының кітапханасында кітаптың тұсау кесерін жасаймыз. Ал, құрылтай аясында «Халифа Алтай жәнежаңа оралған тарих» атты ғылыми практикалық конференция ұйымдастыруды жоспарладық. Құрылтайдан кейін дежыл соңына қарай салтанатты жиналысын, концертін, соңында Халифа Алтайға арнап ас беру де жоспарымыздабар.

Қауымдастықтың шетелдегі Қазақстан елшіліктерімен байланысы қандай?

Қауымдастық құрылғалы бері, шетелдегі қазақтармен байланыс жасап, мәдениет алмасуда шетелдегі Қазақстанелшіліктеріне көбірек сүйеніп келеміз. Латвия, Эстония, Литва елдерінде де қазақтар бар, бірақ бізбен байланыстажоқ. Сол себепті біз, сол елдегі Қазақстан елшілігіне хат жібердік, егер сіздермен байланыс жасап жүрген қазақбауырлар болса бізге, немесе алдағы ұлы жиынға ұсыныңыздар деп. Шетелдегі біз білмейтін ғылым, саясат, өнертұлғаларын тауып, отанға шақыруда да елшіліктермен байланыс арқылы іске асатын кездері көп. ӨткендеЖапониядағы ғылым докторы, жапон ғылым саласында есімі белгілі бірнеше қазақ азаматты сол елдегі елшілікарқылы таптық. Олардың бәрі бірдей Қазақстаннан барған емес, Қытай, Моңғолиядан оқуға барып қалып қойғанқандастарымыз да кездеседі. Ондай тұлғалар Қытайда, Ресейде, Америкада да бар, соның бәрінің тізімін шығарыпжатырмыз. Бұйырса алдағы құрылтайда жүздесетін боламыз.

Жалпы сол елдегі қазақтардан құрылтайға шақыру ғана емес, мәдени байланыс жасауда да елшіліктермен көбіреккеңесіп отырамыз. Әр реткі құрылтайға елшіліктер ұсынынатын адамдар болады, сондай кезде де талаптарынорындап отырамыз. Олар бізге жол сілтейдіқандай қазақ ұйымдары бар, оның қайсысы қандай бағытта жұмысжасайды деген секілді. Мысалы, Беларустағы елшілікте екі ел арасындағы ерекше елші лауазымындағы ШокановЧермен Анатольевич деген азамат бар, былтырдан бері сол елдегі Қазақ мәдениет орталығын қоса басқарды. Соларқылы көптеген жұмыстар жасадық.

Қазақ қауымдастығы ретінде шетелдегі Қазақстан елшіліктерінің кеңесұсыныстарын тыңдап отыру өте маңызды.Неге десеңіз, кей елдерде бір емес бірнеше қазақ мәдениет орталықтары құрылған. Саратовта үш қазақ ұйым, бірМәскеудің өзінде бес ұйым, Түркияда да бесалты қазақ ұйымы бар. Олардың арасында өзара байланыс жүйеліемес. Бұл да болса қазақтың қайда да ауыз біршілінің аздығын білдірсе керек. Дегенмен біз оларға ұйытқы болуғатырысамыз. Олардың дұрыс жұмыс жасайтыны бар, басқасы бар. Тіпті діни экстремизмге құрылған ұйымдары даболуы мүмкін. Әсіресе, Түркиядағы қазақ ұйымдарының арасында. Осындай кезде елшіліктер бізге қай ұйымныңқандай жұмыстармен айналысатыны туралы нақты кеңестер береді. Кейде тіпті елшіліктермен қызыл қырмандауласып, пікір таласып қалатынымыз да бар. Бәрі де сол әлемдегі қазақтардың басын қосып, ұлттық бірлігіміздісақтау үшін болады әрине.

Сіздермен ел ішінде қандай қоғамдық ұйымдар құрылтай аясында немесе өзге де шараларда етенеараласып, селбесіп отырады?

Қоғамдық ұйымдардан ең әуелі «Қазақ тілі» қоғамымен тығыз байланыс орнатып келеміз. Көптеген шараларды бірлесіп өткереміз, кейде ғылыми еңбектерді  бірлесіп шығарамыз. «Қазақ тілі» қоғамы бізбен көп жақтардан селбестік жасасып келе жатқан ұйым. «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті» секілді басылымдар да біздің жасаған шараларға ақпараттық қолдау көрсетіп келеді. Кейде арнаулы сандарын дайындап шығаратын басылымдар да бар.

Бұлардан бөлек «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорын атауға болады. Осы жолғы құрылтайға Дүниежүзі қазақтарының футбол турнирін өткізіп бергелі отыр. Бұл жағындағы ұсынысына келістік, бірер күнде осы іс туралы кездесіп ақылдасатын боламыз. Барынша қауымдастыққа салмақ салмай, бар жүгін өздері көтеріп алса деп отырмын.

«Ер Жәнібек» қоры қауымдастықпен бірлесіп бұрында біраз шаралар өткізген. 2014 жылы «Ер Жәнібек батырға 300 жыл» шарасын жыл бойы Республикалық және халқаралық деңгейде алып барса, 2016 жылы «Зұқа батырдың 150 жылдығы» қарсаңында да көлемді жұмыстармен бірге, шетелдегі қандастардың қатысуымен шағын футбол турнирын сәтті өткізген болатынбыз.

Өзге де «Жерұйық», «Желтоқсан», «Жебеу» сынды қоғамдық ұйым да бізбен селбесе отырып, қоғамдық шаралар ұйымдастырып келеді. Бізге оппозиция болып отырған қоғамдық ұйымдар да бар, әр ісімізге сын-пікір айтып жүрген. Мен оларға: «Дұрыс, сынаңдар! Бірақ, сынағаннан кейін өз ұсыныстарыңды беріңдер», – деймін. Егер, «бұлай істегенің дұрыс емес, міне, менде мынандай ұсыныс бар, мынадай жобалар бар» деп кеңесер болса, құба-құп көрер едік. Қоғамдық ұйымдарды былай қойғанда, шетелден келіп, ғылым докторлығын қорғаған он беске тарта ғалымдарды шақырып, пікірлерін тыңдадық. Соның арқасында көптеген ой алдық, идеялар алмастық. Біз оларға басылымдарымызға автор болып, ғылыми мақалалар беруді, алдағы құрылтайда қолғабыс етуді сұрадық. Солай бір тамаша отырыстар болды. Тың идеялар мен жобалар болса ортаға салсын деген оймен қоғамдық ұйымдарды да шақырдық. Жақын арада бір қанша кәсіпкер жігіттермен де кездесейін деп отырмын. Себебі, өздері де ұсыныс жасап жатыр. Қолғабыс ете алатын жұмыстар болса тапсырыңыз деген көңілдерін білдіріп. Өзім разы болдым,  рахметімді айттым. Мұндай азаматтардан айналмайсың ба?! Әлем қазақтарының дүбірлі жиынында да біраз жұмыстарды солар мойнына көтеріп алмақ. Одан кейінгі қауымдастықтың 25 жылдығына да көмектесуге келісіп отыр.

Шетелден келетін қандастардың көшіқон жағдайы қалай қазір? Бұрынғыдан өзгерістер бар ма?Қауымдастық алда қандай жоспарлар жасап отыр?

Өздеріңе мәлім, 2015 жылдың аяғына қарай көшіқон туралы жаңа заң қабылданды. Бірекі жылдан бергі бюджеттапшылығына байланысты да көшіқон ісі сәл саябырсып қалғаны бар. Бірақ, Құдайға шүкір, қазір экономикамызқайта реттеліп келе жатыр. Мұнай бағасы тағы құлдырап кетпесе, көтеріле түссе соған байланысты да көштің үдейтүсуінен үміт зор. Үйткені көшіп келген ағайынға жағдай жасалуы керек. Жаңа заң бойынша негізгі бағыт арнапқоныстандыру болып отыр. Бізде бұрын кім қайда барам десе сонда шашырап кететін, қазір олай емес. Себебі,көшіқон миграциябұл мемлекеттің саясаты. Біздің көп ұлтты ел екеніміз рас. Қазақ халқының елдегі үлессалмағы 70 пайызға жақындап қалды. Біз жүз пайыз ұлттық республика болмайақ қояйықАрмения тағы басақаелдердей, олардың жағдайы тағы басқа. Менің ойымша, 75-78 пайыз болсақ ел тұрақтылығында мұртымызды балташаппас еді. Бізге солтүстік өңірдегі демографияны реттеуге тура келеді. Бұл жағында енді, өзің білетіндей, көпжағдайды ашып айтуға келмейді. Оны біздің ағайындар тура түсінбей жатады. Солтүстік облыстарда халық саныазаю үрдісі қалыптасып отыр. Демографиялық тепетеңдікті сақтап отыру үшін, еңбек күші жетіспейтін өңірлергешеттен келген ағайынды шоғырлы түрде қоныстандыруға тұра келеді. Егер мемлекет белгілеген орынға барсабелгілі тиімділіктер болады.  Жол шығыны өзгеде шығындары үшін квота беріледі. Барған жерінде қызметтік пәтерде беріледі. Бұрын бұндай жоқ болатын. Егер сол пәтерде бес жыл тұратын болса, өз басына беріледі. Мамандығыжоқ болса, үкімет алты ай тегін оқыту арқылы мамандық береді. Осының бәрі үлкен тиімділік емес пе!  Дегенмен,бұл жерде де зорлық жоқ. Мемлекет белгілеген орынға барғысы келмесе, өз еркімен өзге облыстарда қалуынаболады, оған да рұқсат. Бірақ, жаңағыдай тиімділіктерден игіліктене алмайды.

Шетелдегі қазақ жастарының елге келіп білім алуы да үлкен мәселе. Шетелден қазақ жастары келіп тегін оқып,мамандық алып тамыр жаюға мүмкіндік берер деген үмітіміз бар. Білім министрлігіне Сарыағаш, Өскемен секілдіорындарда жерлік бюджеттен қаржы босатып, осындай оқу орындарын ашуға нұсқау беріңіздер деген нақтыұсынысымызды беріп отырмыз. Ал ЖООға дайындық факультеттерінде жыл сайын 1500 баланы оқытып отырмыз. 2 пайыз квотасы да бар(Шетелден келген қандастарға арналған). Бірақ, жартысы ЖООға түсе алмай жатады.Себебі, біреуінің ортаға үйлесімі нашар болса, ал, кейбіреуінің деңгейі төмен болып жатады.  Бұдан бұрыншешілмей келе жатқан мәселебұрынғы кәсіптіктехникалық училищелер қазір тегін болатын болды. Осыучилищелерді көршілес елдердегі қазақтар қоныстанған шекараға жақын жерлерде ашу туралы ұсыныс бермекпіз.

Елдегі өзге ұлтты да сыртқа теуіп жатқанымыз жоқ, халықтар достығын қолдап келдік. Қазақ еліндегі ұйғыр, татар,өзбек, орыс, кәріс тағы басқа да жүзден астам ұлтқа бір қазақстандық ретінде тең құқық беріп отырған елміз. Ал,отанымызға ауыр күн туып жатса, көк тудың астына жиылып, «Абылайлап» шабатын ең алдымен өзіміздіңқазағымыз болатыны, кімге болса белгілі жағдай. Сондықтан біз халқымыз санын республика көлемінде тиістідеңгейге жеткізуіміз керек. Ол үшін көшіқон саясаты дұрыс болуы керек. Оған үкіметтік қолдау да бар. Бірнешежылдан бері тоқтап қалған шетелдегі қазақ диаспоралармен жұмыс жасау мемлекеттік бағдарламасын қайта іскеасыруды алдағы құрылтайда ұсыныс етіп қоямыз. Ұсыныс қойып қана қалмай, жыл соңына дейін жобасын да жасапбекітуге береміз. Мемлекеттік бағдарлама болған соң, оның нәтижесі көрнекті болатыны анық.

Сұхбатыңызға рахмет.

Сұхбаттасқан: Естай Божан

The Qazaq Times”

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *