Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары мен қала қонақтары, ХҚКО департаменті сіздерге Рүстембек көшесі 31, мекенжайында орналасқан ӘТВЕО (ЗТМО) ғимаратында жаңа –фронт офис ашылғанын хабарлаймыз, бұнда Сіздер көші-қон полиция бағыты бойынша қызметтерден өзге, ХҚКО –да көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтерді ала аласыз.
Ғимаратта «Connection point» өзіне – өзі қызмет көрсету секторы орнатылған, онда өз бетінше электронды қызметтерді, анықтамаларды және ЭЦҚ кілттерін алуға болады.
Жұмыс кестесі: дүйсенбі-сенбі күндері, сағат 09:00 – 20:00-ге дейін түскі үзіліссіз