23:45
24 March 2019
Курсы валют
Курс доллара: 378.17
Курс евро: 429.11
Курс рубля: 5.88
Курс юань: 56.48

ЕЛІМІЗ ЕҢБЕК МИГРАНТТАРЫНЫҢ «МАГНИТІНЕ» АЙНАЛДЫ

ЕЛІМІЗ ЕҢБЕК МИГРАНТТАРЫНЫҢ «МАГНИТІНЕ» АЙНАЛДЫ

Көрші Ресей еңбек мигранттарына қақпасын жауып еді, Орта Азия елдері азаматтарының Қазақстанға ағыны екі есеге дейін ұлғайды. Бұл туралы ELORDA AQPARAT сайты жазды.

Ресми статистика бойынша жыл сайын 2 миллионнан астам шетелдік Қазақстанға жұмыс істеуге, оқуға және өзге де мақсаттармен келеді екен. Оның 75 пайызын – Өзбекстан, 14 пайызын – Қырғызстан, 11 пайызын – Тәжікстан азаматтары құрайды. Сондай-ақ, жыл сайын 3 млн-нан аса шетелдіктер Қазақстан арқылы (2017 жылы – 3.055.316, 2018 жылы – 676 803 адам) басқа елдерге аттанады екен.

Әлемде қанша мигрант бар?
Ғаламшардағы әрбір 7-ші адам мигрант. Жердегі 7 млрд адамның 1 млрд-қа жуығы көшіп-қонып өмір сүретін көрінеді.
Халықаралық мигранттардың саны — 278 млн адам.
«Азияда 63 млн мигранттар бар, олар негізінен Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияда көшіп-қонып жүр. Мигранттардың 48 пайызы – әйелдер, олар ерлермен қатар өзінің отбасын асырау үшін табыс табады», — деді мамандар.

Шетелде қалған азаматтарынан пайда көретін елдер де бар. Мысалы, Үндістан мен қытайлық Тайвань провинциясы АҚШ-та тұратын азаматтарының білімін, білігін, машығын тиімді пайдалануда. Олар құрған бизнес желісі өз елінде жоғары технологиялық индустрияны өркендетуді ынталандырады екен.

БІЗДЕ ӨЗГЕНІҢ ЖАҚСЫСЫН ТАҢСЫҚ КӨРЕТІН АЗАМАТТАР БАР МА?

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *