12:19
19 November 2019
Курсы валют
Курс доллара: 387.14
Курс евро: 428.18
Курс рубля: 6.06
Курс юань: 55.23

БІР ФОРУМҒА 1 МЛРД 400 МЛН ТЕҢГЕ ЖҰМСАУ ҚАНШАЛЫҚТЫ ОРЫНДЫ?

БІР ФОРУМҒА 1 МЛРД 400 МЛН ТЕҢГЕ ЖҰМСАУ ҚАНШАЛЫҚТЫ ОРЫНДЫ?

«Астана экономикалық форумы үшін республикалық бюджеттен 1,4 млрд теңге қарастырылған. «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының порталында ашық сатып алу жүргізілді. 

Конкурсқа 6 компания қатысты.

Жеңімпаз — HBTV компаниясы. Біз оны жасырып отырған жоқпыз», — деді Руслан Жемков баспасөз мәслихатында.

Спикер мұндай форумды өткізуге тым көп қаражат жұмсалып жатқан жоқ па деген сұраққа жауап берді.

«Елдегі ең үлкен конференция үшін — барлық қажеттілікке жауап бола аларлық орынды сома. Бізде 50 сессия, тіпті бір уақытта 9 шара қатар өтеді.

Оның үстіне Конгресс-орталық — базалық негізгі локация болса, Хилтон қонақ үйі қосымша локация ретінде қызмет көрсетеді.

«Астана» Халықаралық қаржы орталығында да біршама сессия өткізіледі.

Ритс Карлтон мен Риксоста да форумдар ұйымдастырылады.

Ұлттық банк пен Халықаралық валюта қоры өздерінің дөңгелек үстелін The St. Regis Astana-да өткізгелі отыр. Демек, мұндай ауқымды шаралар мен алаңдар үшін кететін шығын орынды деп есептейміз», — дейді ол.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *