16:34
25 August 2019
Курсы валют
Курс доллара: 386.34
Курс евро: 427.25
Курс рубля: 5.88
Курс юань: 54.57

ГҮЛ ТЕРУГЕ ШЫҚҚАН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ЖОЛ АПАТЫНА ҰШЫРАДЫ

ГҮЛ ТЕРУГЕ ШЫҚҚАН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ЖОЛ АПАТЫНА ҰШЫРАДЫ

Машинаны 11 сыныпта оқитын оқушының бірі жүргізген.

Батыс Қазақстан облысында гүл теруге шыққан бір топ оқушы жан түршігерлік жол апатына тап болды,-деп хабарлайды Закон.кз.

Аударылған жеңіл көліктің ішінде болған жеті оқушы да жарақат алған. Оның біреуінің жағдайы өте ауыр.

Оқыс жағдай «Чапаев-Сайхин» күре жолы бойында болды.

Қызғалдақ теруге барған Жаңақала ауылындағы орта мектептің шәкірттері қайтар жолда апатқа ұшыраған.

Жеңіл көлікте 4 ұл, 3 қыз болыпты. Машинаны жүргізген 11 сыныпта оқитын оқушы тізгінге ие бола алмай, «Лада Ларгусты» аударып алды.

Айнагүл Сақбосынова, БҚО ДСБ баспасөз хатшысы:
— 6 оқушы амбулаториялық ем алуға жолданды.

2002 жылғы қыз бала сол күні оған Оралдан санавициямен хирург, неурохирург, реаниматолог келіп, ота жасап кетті. Қазіргі таңда оның жағдайы ауыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *