09:17
17 October 2019
Курсы валют
Курс доллара: 389.81
Курс евро: 430.27
Курс рубля: 6.06
Курс юань: 54.91

ЕЛІМІЗДЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ АРЗАНДАДЫ

ЕЛІМІЗДЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ АРЗАНДАДЫ

— Қазақстанда электр энергиясының тарифы 2019 жылдың наурыз айында тура бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 8 пайызға арзандады,- деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нақтырақ айтқанда, электроплитаны қолданбайтын республика тұрғындары үшін 100 кВт/сағаттың бағасы: 1-ші деңгейдегі тұтыну үшін 1 133 теңгені (2018 жылдың наурыз айымен салыстырғанда 8,4 пайызға арзандаған), 2-ші деңгейдегі тұтыну үшін 1 458 теңгені (-6,7%), 3-ші деңгейдегі тұтыну үшін 1 799 теңгені (-5,5%) құраған.

Электроплиталарды қолданатындар үшін 100 кВт/сағаттың бағасы: 1-ші деңгейдегі тұтыну үшін 1110 теңге (-8,7%), 2-ші деңгейдегі тұтыну үшін 1458 теңге (-6,9%), 3-ші деңгейдегі тұтыну үшін 1800 теңге (-5,4%) болған.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *