07:08
17 June 2019
Курсы валют
Курс доллара: 384.05
Курс евро: 432.79
Курс рубля: 5.96
Курс юань: 55.46

БЕЛГІЛІ ЖУРНАЛИСТ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ СӘУЛЕ ӘБІЛДАХАНҚЫЗЫ СОҚҚЫҒА ЖЫҒЫЛДЫ

БЕЛГІЛІ ЖУРНАЛИСТ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ СӘУЛЕ ӘБІЛДАХАНҚЫЗЫ СОҚҚЫҒА ЖЫҒЫЛДЫ

Кеше журналист, қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызының үстінен бірнеше келіншектің арыз жазғаны туралы ақпарат шықты. Yvision сайтының мәліметіне сәйкес, Сәуле Әбілдаханқызы көпбалалы аналардан 2 миллион теңге көлемінде ақша алған.

Сондай-ақ, аналардың бірі «2019-жылдың 31-мамыр күні Темирязов пен Жороков көшелерінің қиылысында орналасқан Тұрғын үй басқармасы маңында Сәуле мені митингке шығуға үгіттеді. Егер митингке шықсаң саған үй мәселесін шешіп беремін деп айтты» деп шағым түсірген. Әзірге арызданушылардың арасында Ұлжалғас Сатқынбекова деген келіншектің ғана есімі белгілі болып отыр.

Сәуле Әбілдаханқызы, журналист: “Бұл күштік құрылымдардың қолдан ұйымдастырып отырған жаласы”

— Бұл тап-таза жала. Бұл күштік құрылымдардың маған қарсы қолдан ұйымдастырып отырған дүниесі. Және де аналардың сағын сындыру үшін бар ойлап тапқан тәсілдері. Оның үстіне мен “Қосановты қолдайық”, “Азаматттық қоғам құрайық” деп халыққа көбірек үндеу жасап жүрмін ғой. Менің сондай позициям арқылы халық оянып кетпесін, осы халықты түртіп, оятып жүр, осы біреудің аузын жабайық деген-ау шамасы. Яғни, бұл қолдан ұйымдастырып, жасап отырған қитұрқы әрекет.

Ұлжалғас Сатқынбекова деген адамды өмірімде көрген емеспін, танымайтын, білмейтін адам. Ол да полицейлердің әдейі ұйымдастырып отырған өз адамы деп есептеймін.

Ал, менің аналарды ашық митингке шақырғанымды дәлелдесін. Ол да өтірік, жала.

Абзал Құспан, заңгер: “Мен Сәулені жаланың құрбаны қылып қарап отыра алмаймын”.

— Бұл барып тұрған — провакация. Биліктің қолдан ұйымдастырып отырған шарасы. Өкінішке қарай, біздің құқық қорғау органдары мұндай іспен өте жиі айналысады. Осындай қолдан ұйымдастырылған іс-шараларды тоқтатпайтын болсақ, біз ешқашан ел болмаймыз. Мұны талай жерде айтқанмын.

Сәуле қандай заңсыз іске барды? Иә, қоғамда осындай заңсыздықтар жалғаса беретін болса, митингке шығамын деді. Бірақ, ешкімді митингке шақырған жоқ. Соған бола адамдардан арыз жинап алып ұйымдастырудың түк те қиындығы жоқ. Оның чатында 70 мыңнан астам ана отырды. 70 мыңның ішінен 7 адам тауып, өтірік арыз ұйымдастыру олар үшін түк емес. Біздің адамдар өкінішке қарай, осындай өтіріктерге жиі барады. Біз жала жабуға болмайтынын түсінбей келе жатырмыз. Бірақ, айналып келгенде сол адамдардың өздері зардап шегеді. Ертең сол арыз жазғандардың өздерінің балалары солай істі болады. Сондықтан, біз біреудің обалына қалуға болмайтынын түсінуге тиіспіз.

Бізде кез-келген адамға жала жапқызып, халықтың алдында беделі мен танымалдығы артып бара жатқан адамдарға осындай лас әрекеттер қолданады. Мұны полиция да, құқық қорғау органдары да жақсы біледі.

Абай.кз порталынан алынды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *