02:28
15 November 2019
Курсы валют
Курс доллара: 388.49
Курс евро: 427.26
Курс рубля: 6.06
Курс юань: 55.32

БАЛАБАҚШАДА ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАҒАН ҚЫЗ АУРУХАНАДАН ШЫҚТЫ

БАЛАБАҚШАДА ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАҒАН ҚЫЗ АУРУХАНАДАН ШЫҚТЫ

— Талдықорғанда екінші қабаттың терезесінен құлаған кішкентай Аруна Қуанышқызы ауруханадан шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Бүгін Аруна ауруханадан шықты. Денсаулығы бәрі жақсы», — деді облыстық көпсалалы балалар ауруханасының бас дәрігері Марат Досқалиев.

Естеріңізге сала кетейік, 15 мамыр күні Талдықорғанда мектеп жанынан ашылған шағын орталықтың екінші қабатынан 2 жасқа әлі толмаған бала құлап кеткен болатын.

Екі күн комада жатқан сәбидің терезеден құлаған сәті бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Ал баланы терезеге өзі апарып шығарған тәрбиеші артынша жұмыстан шеттетілді.

Оқиға қаладағы №19 мектеп-гимназиясында болған. Мектеп директоры Қайрат Сарқытовтың айтуынша, бала шағын орталыққа екі күн бұрын ғана қабылданған. Ал терезеден құлаған қыздың әкесі сол мектепте — дене тәрбиесінің, ал анасы — бастауыш сынып мұғалімдері.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *