07:06
17 June 2019
Курсы валют
Курс доллара: 384.05
Курс евро: 432.79
Курс рубля: 5.96
Курс юань: 55.46

ТАЛҒАРДА ЖОҒАЛҒАН ҚЫЗДЫҢ ДЕНЕСІ ТАБЫЛДЫ

BAQ.KZ. Осыдан бір апта бұрын жоғалып кеткен студент Айгүл Амангелдінің денесі таудан табылды.

«19 мамыр күні сағат 17.30-да із-түзсіз жоғалған 18 жастағы Айгүл Амангелдінің денесі табылды.

Жақындары мүрдені таныды, алайда оның денесінде қандайда бір зорлық-зомбылықтың белгілері анықталмады», — делінген облыстық полицияның хабарламасында.

Полицияның пайымдауынша, жас қыз өз өміріне қол салған.

«Соттық-медициналық сараптама өлімнің неден болғанын анықтайды. Бұл жағдай бойынша ҚР ҚК 105-ші бабымен (өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу) тергеу амалдары басталды», — деді полициядағылар.

Бойжеткен 13 мамыр күні Белбұлақ ауылындағы үйінен емтихан тапсыруға Алматыға қарай бет алған. Асфендияров атындағы медицина университетінің студенті оқу орнына не үйіне бармаған. Оны іздеу жұмыстарына полиция, құтқарушылар және еріктілердің күші тартылды

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *