15:44
25 August 2019
Курсы валют
Курс доллара: 386.34
Курс евро: 427.25
Курс рубля: 5.88
Курс юань: 54.57

ҚАЙРАТ БАРСЕЛОНАНЫ ЖЕҢІП, ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ

Алматы қаласында басталған футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Қайрат» Испанияның «Барселона» командасын ұтты,- деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұрын аталмыш турнир УЕФА кубогы аталып келген еді. Ол биылдан бастап УЕФА Чемпиондар лигасы деген атауға ие болды.

Осылайша алматылық клуб қарсыласын 5:2 есебімен жеңді.

Естеріңізге сала кетелік, «Қайрат» екі мәрте аталмыш турнирдің жеңімпазы атанған еді. Біздің команда 2012/2013 жылғы маусымда және 2014/2015 жылғы маусымда қарсыластарынан басым түсті.

Бүгін Португалияның «Спортинг» клубы Испанияның «Интер Мовистар» клубын 5:3 есебімен жеңді.

Енді 28 сәуірде финал және 3-орын үшін ойындар өтеді. Финалда «Қайрат» пен «Спортинг», 3-орын үшін «Барселона» мен «Интер Мовистар» кездеседі.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *