20:32
16 July 2019
Курсы валют
Курс доллара: 383.01
Курс евро: 430.12
Курс рубля: 6.1
Курс юань: 55.7

АРЫСТА ДҮКЕН МЕН ҮЙДІ ТОНАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

АРЫСТА ДҮКЕН МЕН ҮЙДІ ТОНАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

Арыс қаласындағы төтенше жағдайды пайдаланып, бір үй мен дүкенді тонаған үш адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жедел желіге 11 мыңға жуық қоңырау келіп түсті. Қазіргі уақытта полицияның 75 наряды оқиға орнында жұмыс жүргізуде.

Бір дүкен мен бір үй тоналған», — деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Министрдің айтуына қарағанда, Арыс қаласына кірген және шыққан көліктердің барлығы тексеріліп жатыр.

«Төтенше жағдайдың салдарынан екі адам көз жұмды.

Бірі Арыс қаласының әскери бөлімінің әскери қызметшісі, екіншісі Арыс қаласының тұрғыны.

Екі адам жансақтау бөлімінде жатыр. 34 адам ауруханаға жатқызылды. Жеңіл жарақат алған 12 адамға медициналық көмек көрсетілді», — деді ол.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *