20:44
16 July 2019
Курсы валют
Курс доллара: 383.01
Курс евро: 430.12
Курс рубля: 6.1
Курс юань: 55.7

250 МЫҢ АДАМ МИТИНГКЕ ШЫҚТЫ

250 МЫҢ АДАМ МИТИНГКЕ ШЫҚТЫ

Олар Чехиялық премьер-министр Андрея Бабиштің отставкаға кетуін талап етуде. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Праганың Летна саябағына жиналғандар ел премьер-министрі Андрей Бабиштің лауазымнан кетуін талап етті.

Ереуілге шыққандар Бабишті сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп айыптап отыр. Ол — Чехиядағы ең бай азаматтардың тізімінде екінші орында.

Наразылар Бабишті Еуроодақ берген субсидияларды жымқырды, алаяқтық жасады деп айыптайды. Бұған дейін 400 мың адам оның лауазымнан кетуін талап етіп петицияға қол қойған.

Айта кетсек, тарихтағы ең ауқымды антикоммунистік акция дәл осы Прагадағы Летна саябағында 1989 жылы өткен. Сол кезде оған жарты миллионға жуық адам қатысқан.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *