01:28
20 September 2019
Курсы валют
Курс доллара: 387.34
Курс евро: 428.44
Курс рубля: 6.04
Курс юань: 54.58

ЗАҢСЫЗ КӨШІ-ҚОН ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ИНСПЕКТОРҒА ҮКІМ ШЫҚТЫ

ЗАҢСЫЗ КӨШІ-ҚОН ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ИНСПЕКТОРҒА ҮКІМ ШЫҚТЫ

BAQ.KZ. Қазақстан Республикасына Өзбекстан мен Тәжікстаннан заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған көші-қон қызметі тобының аға инспекторы полиция капитанына үкім шықты.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысы Полиция департаменті көші-қон қызметі тобының аға инспекторы полиция капитаны Т.Мурзалиновтың құқыққа қарсы әрекеттерін анықтап, жолын кескен.

«Ол Қазақстан азаматы И.Оспанов және Өзбекстан азаматы К.Джураевпен келісу арқылы Қазақстан Республикасына Өзбекстан мен Тәжікстаннан заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған» — делінген хабарламада.

Оқиға 2018 жылдың қараша айында болған. Т.Мурзалинов еңбек мигранттарын заңсыз ресімдеуге көмек көрсеткені үшін пара алу үстінде ұсталған. Сонымен қатар, қылмыстық топтың мүшелері K.Джураев және И.Оспанов тұтқынға алынды.

Тергеу әрекеттері барысында ОАӨ елдерінен келген 35 куәгер аталған фактілерді мойындады.

«Сот үкімімен Т.Мурзалиновке 1 202 500 теңге (500 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды және мемлекеттік қызметте лауазымға ие болу құқығынан айырылды» — деп хабарлады ҰҚК.

И.Оспанов кінәлі болып танылып, 841 750 теңге (350 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды.

K.Джураев кінәлі болып танылып, 2 жыл 6 ай мерзімінде бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *