01:24
20 September 2019
Курсы валют
Курс доллара: 387.34
Курс евро: 428.44
Курс рубля: 6.04
Курс юань: 54.58

ЖЕМҚОР ПОЛИЦЕЙЛЕР СОТТАЛДЫ

Ішкі істер органдарының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz.

«Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының үкімімен жол-патрульдік полиция полкі рота командирі полиция майоры М. Каскин жалпы қамқорлығы мен жүк автокөліктерінің кедергісіз жүріп өтуі үшін жеке тұлғадан пара алған.

Қостанай қаласының № 2 сотының үкімімен билікті асыра пайдалану және бағынышты қызметкерлерден жалпы қамқорлығы үшін пара алу фактілері бойынша 15 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Билікті асыра пайдаланғаны үшін Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі полиция майоры М. Ерболұлы және полиция капитаны А. Сақтов 5 жылға бас бостандығынан айырылды», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Өскемен қаласының № 2 сотының үкімімен Үлбі полиция бөлімінің аға тергеушісі Д. Алқанов 7,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *