17:41
06 December 2019
Курсы валют
Курс доллара: 384.97
Курс евро: 427.12
Курс рубля: 6.04
Курс юань: 54.75

ҚАЗАҚСТАН СУИЦИД БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫНҒА ШЫҚТЫ

BAQ.KZ. Душанбедегі Орталық Азия университетінде өзіне қол жұмсау бойынша 30 жылға созылған зерттеу нәтижесі жарияланды. 

Америкалық Хьюстон-Даунтаун университетінің оқытушысы Шахназ Савани «Орталық Азиядағы суицид: қауіп пен қорғау факторларын жүйелі зерттеу» тақырыбында лекция оқыды.

Әлемде жылына 1,5 млн адам өзіне қол жұмсап, өмірімен қоштасады.

Суицидтің 76%-ы табысы орта және төмен елдерде жасалса, 60%-ы Азия елдерінде орын алады.

«Орталық Азияның өзге елдерімен салыстырғанда, Қазақстанда өзіне қол жұмсайтындар саны көп — 48,1%-ды құрайды.

Бұл көрсеткіш Түрікменстанда 15,8%, Өзбекстанда 13,6%, Қырғызстанда 13,4%-ға жеткен.

Тәжікстанда суицид жасайтындар көрсеткіші біршама төменірек болғанымен, ол елде де суицид саны — 7,2%-ға жетіп, азаймай тұр «, — деп атап өтті ол.

Шахназ Саванидің пікірінше, аймақта халықтың көбі ислам дінін ұстанатынына қарамастан, жанын қию көрсеткіші төмендеген емес.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *